Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресейде 18 адам сусыннан уланып өлген: тағы бірнеше адам ауруханада жатыр

AstanaTV
06.06.2023ж. 10:46
699
Ресейде 18 адам сусыннан уланып өлген: тағы бірнеше адам ауруханада жатыр

Ресейде 18 адам сидрден уланып өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады.

Ульянов облысында сидрден 16 адам, Самара облысында екі адам қайтыс болған. Тағы 19 адам ауруханада жатыр. Уланғандардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, тұрғындар Самара облысында шығарылатын "Мистер сидр" сусынын ішіп уланған. Болжам бойынша, оның құрамында этил спиртінің орнына метанол болған. Тергеушілер сусынды өндірушіні ұстады.