Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көлгінов Астанадағы су тапшылығы жайлы айтты

AstanaTV
06.06.2023ж. 13:41
958
Көлгінов Астанадағы су тапшылығы жайлы айтты

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкіметтің кулуарында елордадағы су тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Астананың кейбір пунктерінде су тапшылығы мәселесі бар. Қалада 1960 жылдардың соңында бірінші су станциясы іске қосылды. Екіншісі 2011 жылы іске қосылды. Бірақ Астананың өсуіне байланысты, халық санының көбеюіне байланысты 2020 жобалау жұмысын бастап, 2021 жылы құрылысты бастадық. Ол жұмыс қазір аяқталды. Демек жаңа станцияның жұмысы бітіп, құрал-жабдықтарды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, маусым айында ол жұмыс бітіп, су берілуі керек», - деді Алтай Көлгінов.

Ол атағандай, осыған дейінгі сорғы станцияларын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша су құбыры салынған.

«Қалада халықтың саны тез өсіп жатыр. Мен Астананың әкімі ретінде 3,5 жыл жұмыс істедім. Осы уақытта шамамен 350 мың адам елордаға көшіп келді. Түсінесіз бе? Халықтың саны тез өсіп жатыр: миграция және демография есебінен. Осыны ескеріп, (осындай) мәселе болатынын білдік. 2020 жылы сорғы-сүзгі станциясын салдық. Қазір жоба аяқталған. Су болады. Сондықтан осы жобаны тез аяқтау керек. Әкімдік маусымда аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Тәулігіне 35 мың куб су беріледі», - деді Алтай Көлгінов.