Өзбекстанға ем алуға кеткен актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Осы қошақанның несібесіне менде бәрі жақсы. Өзбек елінің ақ халаттылары ота жасамай, ем жасайтын болды. Емді бастадық, шипа Алладан”, – деп жазды актриса.
Сондай-ақ Жұлдызай күйеуіне қатысты жазба қалдырды.
“Алла қосқан екі жанды ешкім де, еш нәрсе де ажыратпайды екен. Бір-біріңізді қадірлеңіздер. Жақсы көріңіздер, Алла разылығы үшін”, – дейді актриса.