Жалпы, елде суға кету дерегі көбейіп тұр. Жыл басынан бері 45 адам шомыламын деп, қайтыс болды. Оның 14-і - кәмелетке толмаған бала. Ал, жаз басталғалы небәрі бір аптада 17 тұрғын тілсіз жаудың құрбанына айналды. Суға батқандардың 70 проценті мас күйде суға түскен.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Шомылу маусымы басталғалы төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысы да қиындай түсті. Өйткені, арамызда ескертуді елемейтін халық көп . Олар шомылуға болмайтын жерде де демала береді.
- Девушка, здесь купаться нельзя.
Міне, дәл қазір маған ескертіп жатыр. Мына жер, шамемен, 2 метр болып қалады-ау.
Ескерту болмаса, осындай жағдай болуы мүмкін. Мені дер кезінде құтқарды. Егер үлгермей қалса, мертігіп, тіпті, өмірмен қоштасуы да әбден мүмкін.
Иә, ойнап жүріп от басуың әбден мүмкін. Су жұтып, тұншыққан сәтте бұл сөзді терең түсінгендей болдым. Мен жасаған қателікті өзгелер қайталамасын деп төтенше жағдай қызметкерлерімен бірігіп өзен бойын жағаладық. Рұқсатсыз жерде шомылып жүрген талай адамды көрдік. Бәлкім, тұрғындар бұл жерде суға түсуге болмайтынын білмейтін шығар деп ойлайын десек, су жағасында «шомылуға болмайды» деген жазу тайға таңба басқандай көрініп тұр.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Астанада негізі шомылуға болмайтын 21 учаске бар. Дәл біз тұрған мына жерде де шомылуға болмайды. Бірақ адамдар ескертуді ескермейтін секілді.
Аят ЖҰМАДИЛЛА, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
Осы уақытқа дейін 10 ақпараттық стент және суға түсуге тыйым салынған белгілерді орнатқан. Шомылуға тыйым салынған жерлерде учаскелерде рейдтік жұмыстар атқарылуда.
Елімізде шомылуға рұқсат етілген 487 жағажай бар. Оның 149-коммуналдық, 338-і жекеменшік. Ал, Астанада мұндай орын - төртеу. Десе де, халық рұқсат етілмеген жерде шомылуға құмар. Неге дейсіз ғой? Рұқсат етілген орындардың дені - ақылы. Мәселен, біз барған жағажайға кіру құны – мың теңге.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қалай демалып жүрсіздер? – Жақсы. – Ұнап жатыр ма? – Иә, бүгін бірінші рет келдік. Нормально, самый раз.
- Қалай демалып жүрсіз? – Нормально, болады. Демалыс уақыттар келіп тұрамын.
- Мұнда жиі келесіз ба? – Бірінші рет келіп тұрмын. Күн ыстық кезде сүдың жағасында бала-шағамен жүру керек.
Жыл басынан бері еліміздегі су айдындарында 69 адам құтқарылды. Оның 15-і буыны қатпаған бала. Суға батқандардың ең көбі Ақтөбе, Абай және Қостанай облыстарында тіркелген.
Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
Өткен жылы суға батқандар саны 43%-ға азайғанымен, өкінішке қарай, жағдай жақсармай тұр. Соңғы 3 жылда 1 мыңнан астам адам суда қаза болды. Биыл наурыз айында суға шомылу маусымында алдын алу жұмысын уақытылы ұйымдастыру үшін министрлік барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктердің нақты міндеттерін көздейтін «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» бұйрықты бекітті.
Жаз енді басталды. Бірақ су айдындарында қаза тапқандар саны ұлғайып барады. Бұл жағдай біраз адамды алаңдатып отыр. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов сақтық шараларын қатаңдатуды тапсырды. Өйткені, биыл жаз жылдағыдан ыстық болады – дейді. Бұл суға барып демалушылардың саны артады деген сөз.
Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетіп, мерт болды. Бір күнде 9 адам суға батып, 3 адамның денесі әлі табылған жоқ. Кеше тағы 4 адам суға батып кетті. Бұл шынымен де алаңдатарлық жағдай. Қазір шомылу маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.
Елімізде жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болады. Оның 100-ге жуығы - бала. Бұл қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді.