Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Балқаш қаласында қатты дауыл салдарынан үйлердің шатырлары ұшып, бір адам жарақаттанды

06.06.2023ж. 20:00
823
Балқаш қаласында қатты дауыл салдарынан үйлердің шатырлары ұшып, бір адам жарақаттанды

Балқаш қаласында қатты дауыл тұрып екі көпқабатты үйдің шатырын ұшырды. Салдарынан 1 адам жарақаттанды.

Қара құйыннан шамамен бір мың шаршы метр темір қаңылтыр жерге құлап, бірнеше көлікті зақымдады. Темір тұлпарымен үйдің жанынан өтіп бара жатқан жүргізушінің бірі бас ми жарақатымен ауруханаға түсті. Апаттан келген зардапты жойып, құрылыс қалдықтарын жинауға жергілікті атқарушы билік көмектесіп жатыр.

Темірлан ИГЕМБАЙ, БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

8 сағат ішінде құлаған шатырларды жинау жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа 153 адам және 12 арнайы спецтехника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, зақымдалу актісі жасалатын болады. Қалпына келтіру жұмыстары төтенше жағдайларды жою шеңберінде жасалатын болады.