Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атыс ұйымдастырған Өзбекстан азаматы 15 жылға сотталды

06.06.2023ж. 20:00
810
Атыс ұйымдастырған Өзбекстан азаматы 15 жылға сотталды

Шымкентте қару-жарақ дүкенін тапа-тал түсте тонамақ болған Өзбекстан азаматы 15 жылға сотталды. 49 жастағы шетел азаматы қылмыстық кодекстің бес бірдей бабымен айыпталған болатын. Істі қараған судьяның айтуынша, сотталушы бұған дейін де істі болған. Ресейге жұмыс істеуге барып, абайсызда адам өлтіргені үшін оның 10 жылға сотталып, былтыр ғана босап шыққаны сотта белгілі болды. Ол Шымкентке жұмыс істеуге келген. Қарызынан құтылу үшін банк тонамақ болыпты. Қылмыскердің бірінші көздегені - қару-жарақ дүкені. Алайда дүкен сатушысына кезенген қаруы атылмай қалды. Бірақ мұнымен тоқтамаған ол шұғыл шақыртуға жеткен екі күзетшіні жаралап үлгерген.

Самидин ТЕМІРӘЛИЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Шолақ мылтық жасаған. Шолақ мылтық жасаудағы бірінші мақсаты осы Шымкент қаласындағы дүкендерді аралап, аңшылық, қару сататын дүкендерді аралап, Арсенал дүкеніндегі қаруларды көріп, сол жерден автоматты түрде атылатын қаруды алып, банк тонамақшы болған.