Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Кешкі алтыдан кейін «ұстамау»...

AstanaTV
08.10.2016ж. 20:00
1981
Кешкі алтыдан кейін «ұстамау»...

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, адамдарды алтыдан кейін жұмыста «ұстамау» туралы айтты. Өзі министрлік қызметкерлерін 18.00-ден кейін жіберетінін жеткізді.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

Көбіне жұмыста болғандықтан ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыты қалмайды. Олардың көбі мемлекеттік қызметкерлер. Қазіргі уақытта ата-аналар жиналысына ата-аналардың 10-15 пайызы ғана қатысады. Ал 11 жылда мектепке бармайтын ата-аналар 50 пайыз.

Бұл мәселе әсіресе мемлекеттік қызметтегі қарапайым мамандарға қатысты. Иә, мұғалімдердің жүктемесі де жетеді, ақша болсын деп, бірнеше ставка алады...

 «Неге ерте келдің?» деп таңғалады, кейбір әйелдер, жұбайы жұмыстан 6-7-де келіп қалса. Ал әйелдерге тіпті қиын, олардың мойнындағы үй шаруасын ешкім алып тастамайды. Жастардың болса, жеке өмірі жоқ...

Кәмила, маман:

Осы мемлекеттік қызметте істеуді бала кезімде армандаған. Қазір осы акиматта істеп жатырмын. Бірақ, кейінгі кезде өз ойымды өзгертем бе деп жүрмін. Өйткені, жұмыс өте қиын. Біз, негізі 9-дан 6-ға дейін істеуіміз керек. Бірақ, біз 8,10,11 ге дейін отырамыз. Жеке өміріме өте қатты әсер етеді.4 жыл ішінде достарыммен  де кездесе алмадым. Туыстарыма да көңіл бөле алмадым. Жалақымыз да онша көп емес. 50 мың теңгеден кішкене асады. Бірақ, қазіргі уақытта ол ақша әрине, жетіспейді. Сондықтан осы мамандықты өзгертем бе деп отырмын.

Мұхтар, бюджеттік сала қызметкері:

Мемлекеттік қызметте жасау үшін төрт құбылаң тең болуы керек, үй-жағдайың жасаулы, көлігің бар дегендей. Өйткені өзін-өзі ақтамайды. Жалақысы аз. Не отбасыңа жетпейді, не азық-түлікке жетпейді, не пәтер жалдауға жетпейді. Мысалы, 23 мың теңгені мен қайсысына жеткізем? Пәтерімді жалдаймын ба, отбасымды асыраймывн ба? Сыйақысы жылына бірнеше рет болғанымен, оның өзі тиын-тебен болып қалады. Адамның ұзақ уақыт жұмыста отыруы алдымен денсаулығына зиянын тигізеді. Адамда стресс пайда болып, ол ашуланшақ болуы да мүмкін. Үйге кеш барасың, балаңның сабағын қарай алмайсың, балаңа тәрбие бере алмайсың. Үйге барғасын жұмыстың ашуымен үйде жанжал туындайды. Және бітпейтін бір құжаттар, бітпейтін қағаз... Таңертең тоғызда барып, түнгі 11-12 дейін қаласың. Кейде сенбі демалыс болса да, сенбі күні кешкі тоғызға дейін жұмыста отырасың. Бастық шақырып алады өйткені, амалсыз барасың. Бетіне айтуға жұмыстан кетіп қалам деп тағы қорқасың.

Жұмыспен қамту департаментінің алдынан көп өтем, кейде түнделетіп өтем. Сол департамент бастығы Жанат Асантаевтың қызметтік көлігі сол жерде тұрады. Бастық түнімен отырғасын, қызметкерлері де сонда отырады деген сөз. Ондай түнімен отырып қағаз жазатын жұмыстың моральды тұрғыда зияны үлкен ғой. Ол неғылған қағаз бітпейтін?

Әлия Алмұхамбетова, бұрынғы мемлекеттік қызметші:

Мұндай жағдайлар әкімдер ауысып, басшылық өзгерген уақытта міндетті түрде орын алады. Жаңа басшының алғашқы бір-екі айында барлық қызметшілер кешкі 9-10-ға дейін жұмыс орнында жүреді. Жиналыстар кейде түңгі 9 жарымға белгіленеді. Ал, аппараттық кеңестер таңғы 8-де өткізіледі. Білмеймін неге екенін, бірақ бұл жазылмаған заңдылық. Бардық жерде бірдей. Облыстық әкімдіктен бастап, қала, аудандық деңгейге дейін қалыптасқан. Меніңше, бұл жағдай қызметшінің өзі үшін де, отбасысы үшін де үлкен психологиялық салмақ.

Мұның бәрі мемлекеттік органдардағы менеджменттің нашарлығын көрсетсе керек. Жоспарлай алмау, жүйелі ұйымдастыра алмау, кімнің немен айналысатынын нақты бөлмеу. Мазмұны жоқ қағаз толтыру. Министр 8 сағаттық жұмыс күнін белгіленген еңбек заңдылығын сақтау туралы жоғарыдан пәрмен берілмесе, қызметкерлердің түнге дейін отыратын режимі «бұзылмайтынын» біледі. Себебі қарапайым мамандар бастығына барып, «заң соға» алмайтыны анық. Жұмыстан кім қуылғысы келеді. Осындай - бәрі білетін, бәрі ренжитін, бірақ сөгілмейтін сеңдей қатқан мәселелер...