$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды

AstanaTV
07.06.2023ж. 18:13
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына (РФ) барды. Астана телеарнасы бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында:

- қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын;

- көлік инфрақұрылымын дамыту;

- теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру;

- ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін қарау жоспарланған. Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.