Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Ата болса да, қимылы ширақ екен": тойда ерекше билеген ер адамға жұрт сүйсінді

AstanaTV
08.06.2023ж. 12:11
1088
"Ата болса да, қимылы ширақ екен": тойда ерекше билеген ер адамға жұрт сүйсінді

Әлеуметтік желіде ер адамның би билеген сәті тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды, деп жазды kaz.nur.kz

Кадрдан ер адамның тойда әнші Нұрсұлтан Нұрбердиевтің әніне ерекше билегенін аңғару қиын емес. "Атамыздың биін бағалап кетіңіздер", - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары ер адамның биін жоғары бағалап, алғыстарын білдірді. "Ата биді шашады екен", "Атаға ұқсамайды, алпыстағы ер адам секілді", "Қартайса да жүрек жас қой шіркін", "Биін бұрын стилі ерекше екен", "Ата болса да, қимылы ширақ екен", "Ата деп айтуға аузың бармайды", "Тик ток көрген ата ғой", "Өте жақсы билейді", "Биі өзіне жарасып тұр", "Ата емес, жас жігіт секілді", "Бұл жиырма бес жылдан кейінгі Нұрсұлтан Нұрбердиев", "Жастардан асып кетті", "Заманауи ата", - деді олар.