Dequine лақапатымен танымал әнші Данеля Садықова не үшін хиджабты шешкенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы өнер иесі Telegram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша,
"Бір жарым жылдай хиджаб кидім. Бұл - маған көп нәрсе үйреткен керемет уақыт. Неге шештім? Шын мәнінде айналысқым келетін нәрсе және өмірімді зерттеп, сезінгім келетін бөлігім Ислам нормаларына және Исламдағы адамның бейнесіне сәйкес келмейтінін мойындадым", - дейді ол.
Өнер иесі 10-сыныпта хиджаб кигенін айтты.
Шынымен хиджаб ең бір жарқын кезең ретінде есімде қалды. 10-сыныпта болдым, мүлдем боянбадым, ешкіммен сөйлеспедім, көбіне үйде болдым. Спортпен шұғылданып, сабағымды оқыдым. Көп нәрсе үйрендім. Сүрелердің оқылуын, мағынасын үйрендім. Өзімді түсінуге арналған қызық процесс болды. Сол кезде әлемге өзімді жар салу емес, өзіме үңілу уақыты болды", - дейді ол.
Әншінің айтуынша, ол қабылдаған шешіміне еш өкінбейді.
Айта кетейік, Dequine лақапатымен танымал әншінің шын есімі - Данеля Садықова. Ол 2000 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Оның әкесі Асқар Садықов - 2023 жылғы наурыздан бастап-VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Әншінің "На западе", "Матча чай", "Фемида" сынды әндері бар.