Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Атырау, келін алып келе жатырмын". Желіде әнші Қанайдың тойынан видеолар тарады

AstanaTV
08.06.2023ж. 22:31
1316
"Атырау, келін алып келе жатырмын". Желіде әнші Қанайдың тойынан видеолар тарады

Танымал әнші Қанай шаңырақ көтерді. Желіде ұзату тойдың видеолары тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Кадрлардан тойдағы көріністер, өнер иесінің сүйіктісіне гүл сыйлаған, билеп жүргені көрінеді.

Тойға әншінің Қабдол, Артур секілді өнердегі әріптестері, достары келген.

Әнші де әлеуметтік желідегі парақшасына тойдан кадрлар жариялады. Өнер иесінің таңдауы оңтүстіктің аруына түскен. Оның өнердегі достары Қанайдың қалыңдығы Жетісайдан екенін жазған.

"Қызды алып кеттік. Атырау келіндерің түсте болады. Құлсары, келін алып келе жатырмын. Атырау, келін алып келе жатырмын", - деп жазды әнші.

Желідегілер жас жұбайға жылы лебіздерін арнаған.

"Бақытты болыңдар", "Қандай әдемі жұп", "Бақытты болсын", "Әдемі, тамаша", "Иманды отбасы, иманды той", - деп жазған Желідегілер.