Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағанды облысында екі бірдей аудан жарықсыз қалды

08.06.2023ж. 20:00
680
Қарағанды облысында екі бірдей аудан жарықсыз қалды

Қарағанды облысында екі бірдей аудан, яғни ондаған елдімекен жарықсыз қалды. Бүгін таңертең жүк көлігі басты таратушы станция мен Қарағайлы кентіндегі жоғары кернеулі электржелісін үзіп кеткен. Жөндеу жұмыстарына «Қарағанды Жарық» компаниясының бригадалары жұмылдырылды. Қазіргі таңда Бұқар жырау ауданына электр қуаты біртіндеп беріліп жатыр. Ал Қарақаралыда жарық ертең қосылады деп жоспарлануда.