$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Харассментке қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет», - заңгер

08.06.2023ж. 20:00
1477
«Харассментке қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет», - заңгер

Әлем бойынша әйелдердің 80 проценті өмірінде бір рет болсын жыныстық бопсалауға тап болады. Адамның намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғып, құқығын бұзатындар көбейіп барады. Ең сорақысы, кей адамдар мұны қалыпты жағдай деп біледі. Харассментке тоқтау бар ма? Психолог мамандар қандай кеңес береді? Ал заң не дейді? Әріптесіміз Мөлдір Жақан әлеуметтік эксперимент істеді.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Қазір харассменттің құрбаны болған қыздар саны өте көп. Олар жұмыс орнында, қоғамдық көлікте, тіпті, үйде де жыныстық бопсалауға тап болады. Осыған байланысты біз дәл қазір шағын әлеуметтік эксперимент жасап көреміз.

«Харассментке тап болсаң, мені құшақта» деген жазуы бар тақтайшаны қолға алып, көшеге шықтым. Алғашқыда жұрт таң қалып, сенімсіздік танытқандай болды. Алайда, бірте-бірте жанары жасқа толған қыз-келіншектер келе бастады. Сөйтіп, аталған мәселенің көп адамға таныс екенін байқадым.

Саябақтың қақ ортасында тұрған мені көріп, қызық үшін құшақ жая жүгіріп келген кішкентайлар да болды.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Қандай да бір зорлыққа не бопсалауға тап болғандар үшін арнайы бекітілген халықаралық көмек сұрайтын белгі бар. Ол үшін қолыңызды көтеріп, бас бармағыңызды алақаныңызға қысасыз, сосын қалған 4 саусағыңызды бүгесіз. Тұрғындар бұл белгі туралы біле ме екен? Тексеріп көрейік.

Қасымдағы жігіттің мені қолымнан жұлқылап, сүйреп келе жатқанын көріп, арашалап қалғысы келген мейірімді жандарың көп екендігі қуантты.

Бірақ көшенің ортасындағы зорлыққа да, менің көмек сұраған белгіме де мән бермеген, көріп тұрса да, көрмеген сынай танытқандар да кездесті.

Жалпы харассмент дегеніміз – адамның құқығын таптап, жеке шекарасын бұзу болып табылады. Оның жәбірленушіге рұқсатсыз жанасу, қол тигізу, ізіне түсу, вербалды, кибер харассмент сынды бірнеше түрі бар. Сөзсіз, бұл әр қыздың бойында үрей тудырып, жаңа комплекстерге әкеп соғады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Әр адамның тәрбиесіне байланысты біріншіден. Әр затты қалыптастыру үшін адамның бойында тәрбие, өнеге, бірінші анасын сыйламаған адам, қыз балаға сондай құрмет көрсетеді. Заң жағынан оны қамту керек шығар.

- Қатаң түрде заң шығаруы керек. Бір наказание болу керек. Мысалы, билейтін жерге барсаң да, рұқсатсыз адам келіп, қасына жақындайды мысалы. Ол жағымсыз әрекет. Мен, мысалы, оны қаламайтын шығармын, ұстағанын. Үйге жалғыз қайтуға, түнде жүруге де қорқасың.

- Еркінен тыс қыздарға тиісетін ұлдардың психикалық ауытқуы бар деп ойлаймын. Тиісті заң қабылдау керек, бірақ оның пайдасы бола ма, жоқ па, ол да белгісіз. Маған әлеуметтік желіде тұрпайы сөздер жазып жатады. Мән бермегуе тырысамын.

Азаматтық белсенділер мен заңгерлер Қазақстанда харассмент жасауға заңды түрде тыйым салуды талап етуде. Қоғамда жиі кездесетін оқиға жайлы нақты статистика да жоқ. Харассменттің бір түрі - жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу. Мұндай заңсыздыққа барғандар Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша жазаланады. Алайда, іс жүзіне келгенде бұл бап өте сирек қолданылады. Айталық, республикада 1998 жылдан 2018 жылға дейін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеудің 87 дерегі ғана тіркелген. Оның өзінде сотқа тек 30 іс жіберіліп, 25 адам сотталған.

Бағдат АМАНДОСҰЛЫ, ЗАҢГЕР:

Қолданыстағы Қылмыстық Кодексте нәпсілік дәмелену үшін жауаптылық көрсетілмеген. Бұл жерде қылмыстық жауапкершлікке тарту өте қиын болады. Мен ойлаймын, бұл бір үлкен пробел. Ал, мысалы, жұмыс орындарында өзінің қызметін немесе сіздің материалдық жағдайыңызды пайдалана отырып, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеу әрекеттерін дәлелдейтін фактілер болса, ҚК-тің 123 бабы орын алады. Тікелей сотқа жүгінесіз.

Харассментке ұшырағандардың көбі қорқып, үнсіз қалып жатады. Алайда, мәселені түп тамырымен шешу үшін, ол туралы қоғамда ашық айту қажет. «Әр әйел өз құндылығын сезініп, құқығын қорғай алуы тиіс»,- дейді психолог мамандар.

Амангелді МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, ПСИХОЛОГ:

Кез-келген әйел өзін бағалы сезіне алуы керек. Ата-ананың баланың «сен құндысын, сен әлемге керексің, мен сені жақсы көремін» деген сөздер арқылы самооценкасын көтерген кезде бала өзі здоровый болып өседі. И осындай мәселелерде өзін «ұят боп қалады, мені ешкім тыңдамайды, мен айтсам, ұрсып береді» деген секілді өзінің ішіндегі комплекстерін алып тастайды да, проблема шыққан кезде осыны ашық керек жерге айтып беретін болады.

Харассмент «ұят боладыға» көнбейді. Жыныстық бопсалаудың арты зорлық-зомбылыққа әкеп соғатынын ұмытпаған жөн.