Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

6 жасар сәбиді зорлады деп айыпталған күдікті кінәсін мойындамай отыр

AstanaTV
07.10.2016ж. 20:00
2804
6 жасар сәбиді зорлады деп айыпталған күдікті кінәсін мойындамай отыр

Ақтауда 6 жасар сәбиді зорлады деген күдікке ілінген адам кінәсін мойындамай отыр. Ал адвокаты ол камераластарынан қысым көргендіктен істі мойнына алды деп отыр.

Намиг Велиев, адвокат:

Істі мойнына алмасаң, жанұяңа зәбір көрсетеміз деп, қорқытып үркіткен. Тұрғылықты мекен жайын, әйелінің жұмыс орнын, тіпті баласының қай балабақшаға барып жүргенін біліп алыпты.

Қазір прокуратураға тиісті шағым жіберілген. Күдіктінің отбасы тәулік бойы күзетілуде. Қылмыс жасалған күні ол тасымалдаумен айналысып жүргенін айтқан. Іс материалдарына сәйкес шынында күдікті 1-ші шағынауданда болған. Бұл жерге клиентті әкеліп, кейін теңіз жаққа бет алған. Жол бойы дәрет сындыру үшін тоқтағанын айтады. Ал зорлық көрген сәби осы жерден табылды.

Айыпталушы теңіз жақтан клиент отырғызып, қалаға қайттым деп ант-су ішіп отыр. Бұл сөздерін растайын куәгерлер де бар. Көлігінде баланың болғанын айғақтайтын заттар жоқ. Тек генетикалық сараптама барлығын жоққа шығарып отыр. Адвокат оның қорытындысы бұрмаланған дейді. Еске салайық, күдікті зорлық, адам ұрлау және кісі өліміне оқталу баптарымен айыпталып отыр. Кінәсі дәлелденсе, 25 жыл жаза арқалауы мүмкін.

Еске салайық, сұмдық оқиға 20 тамыз күні Ақтауда орын алған. 6 жасар сәбиді әлдекімдер ұрлап әкетіп, азаптап зорлаған. Дәрігерлер оның өмірі үшін әлі күнге күресуде. Астанадағы Ана мен бала орталығында емделіп жатқан сәбидің халі ауыр.