Танымал әнші Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжулі екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы "Базарlike" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Бұдан бірнеше жыл бұрын өнерпаздар арасында пәтер үшін дау шыққан еді. Бақыт Шадаеваның айтуынша, Сейфуллин Жолбарыс әншінің пәтерін сатып алып, ақшасын төлемеген.
"Осы тақырып шыққалы бері екеуміздің арамыз мүлде жаман болып кетті. Өз басым сол жігіттің жауап берегеніне ішім ашиды. Оны көргім де келмейді, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болуы, дұрыс жауап беруі керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне, мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып тек өзін қорғап алып жатыр", - деді әнші.
Өнер иесі бұл жағдайда Сейфуллин Жолбарысты кінәлі деп есептейтінін айтты.
"Ол - іште қалған өкпе. Әрине, досыңыз сіздің үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Сізге жауап бермей жоғалып кетсе, әрбір сұхбатында сізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? Әрине, мен де адаммын. Бұл дау алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шыққан. Бұл жерде мен зардап шеккен", - дейді Шадаева.
Дауға дейін Бақты Шадаеваның хит әндерінің авторы Сейфуллин Жолбарыс болған. Бақыт Шадаева жанжалдан кейін Сейфуллин Жолбарыс әндерді басқа әншілерге таратып бергенін растады.
"Иә, солай жасап жатыр. Білгенін істесін. Мен ол әндерін кейінгі кезде айтпаймын. Біріншіден, уақыт өтіп кетті. Ол әндерді мен кезінде орындадым. Қазір жаңа әндер орындағым келеді. Мен көп нәрсе жасадым Сейфуллин үшін. Бауыр ретінде, дос ретінде, талант ретінде", - деді әнші.
Айта кетейік, Бақыт Шадаева - эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері. Оның "Аңса жаным", "Жауын", "Алматым - сұлу астанам", "Достарым", "Өмір - арман" с ынды әндері бар.