Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

AstanaTV
09.06.2023ж. 13:17
824
Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

Жамбыл облысындағы екі ауданнан сібір жарасының ошағы анықталып, бір ауыл карантинге жабылды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Қазір Талас ауданы, Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тиым салынған. Қауіпті ауруды жұқтырған үш ауылдың тұрғыны ауруханада жатыр. Сондай-ақ ауру белгісі Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының тұрғынынан да анықталды.

Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырағы залалсыздандырылды.