Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Күйеуім тоқалға тоймайды". Алматы облысында әйел ана құқығынан айырылып қаламын ба деп қорқып отыр

AstanaTV
09.06.2023ж. 14:57
688
"Күйеуім тоқалға тоймайды". Алматы облысында әйел ана құқығынан айырылып қаламын ба деп қорқып отыр
Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан алынған кадр

Алмахан Хидербаева күйеуі үстінен әйел алып, енді балаларын бермей отырғанын айтады. Бұл мәселе "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, күйеуі өзіне дейін де үйленген. 

"2012 жылы ұлымды туып келгеннен кейін тоқал алып келді. Тоқалмен жақсы тұрдық. Ол тоқалға қояр талабым жоқ. Бердім (тоқал алуға рұқсат - еск.)", - дейді ол.

Әйел 17 жыл отасқан жары мен ата-енесі кейін қуып шыққанын айтады. Ал оның бұрынғы енесі баласына тоқалды әйелдің өзі алып келгенін жеткізіп отыр.

Бірақ Алмахан Хидербаеваның айтуынша, бар уайымы балаларында.

"Лажы болса балаларымды алып кеткім келеді. Қазір пәтерде тұрамын", - дейді әйел.

Оның бұрынғы күйеуінің сөзінше де, әйелінің өзі басқа әйелді әкеліп қосқан. Сондай-ақ, ол әйелін балаларға қарамады, үйге айлап келмеді деп айыптап отыр.

Бағдарлама барысында әйелге заңгердің көмегімен сотқа жүгінуге көмек көрсетілетіні айтылды.