Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Жамбыл облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен

AstanaTV
09.06.2023ж. 17:09
1038
Жамбыл облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Жамбыл облысының Луговой ауылында полиция қызметкері жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, бұл факт бойынша қызметтік тексеру жүргізеді.

"Қыз сот-медициналық сараптама өтуден бас тартқандықтан, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 600-бабы 1-бөлігі бойынша "Жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыста артықшылық бермеу” бойынша қызметкер жауапкершілікке тартылды", – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған заң бұзушылыққа он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.