Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда сағат 14:19-да болған.
"102-ге Сығанақ көшесі бойындағы 12-қабаттың терезесінен әйел баласымен құлап кетті деген қоңырау түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында, бала ауруханада қаза болды", - делінген полиция хабарламасында.
Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды, сараптама тағайындалды.