Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

09.06.2023ж. 20:00
1267
Жамбылда сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

Жамбылда 4 адамнан сібір жарасы анықталды. Бір ауыл карантинге жабылды. Талас ауданының Тамды ауылына санитарлық блок-бекет қойылып, ет-сүт өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынды. Ауру ошағы 15 күнге оқшаулауланады. Бұл туралы толығырақ өңірдегі тілшіміз Берік Жұмабай толығырақ айтады.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Талас ауданындағы Тамды ауылына кіріп шыққан көліктір қазір жіті тексерілуде. Мамандар ауру шыққан ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдеріның сыртқа шығып кетпеуін қатаң бақылауға алған.

Рауан АСҚАРОВ, ТАМДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауылда карантиндік жоспар жасалды. Ауылдан сүт, ет өнімдерін шығармауға тапсырма берілді. Барлық малдарға екпе жұмыстары жасалып жатыр, қой, ешкі , сиыр. Барлығына санитарлық жұмыстар жасалуда.

Сібір жарасы анықталған осы елдімекеннің үш тұрғыны қазір ауруханада жатыр. Олар қауіпті ауруды сиыр сою кезінде жұқтырған болуы мүмкін. Қасапшылардың бірінің жағдайы ауыр болған. Қазір қалыпқа келді дейді дәрігерлер. Ал ветеринар мамандар аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырақ залалсыздандырылды. Ірі қараның еті пеште өртелді. Мал сойған аула толық залалсыздандырылды. Ауру ошағы анықталған үйлерден барлығы 21 сынама алынған.

Нұржас ҚҰРМАНТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бір ғана ауылдың төңірегінде болып отырған оқиға. Даурығатындай ештеңе жоқ. Бізде облысымызда 100 жылдан бері сақталып келе жатқан 189 Сібір жарасының ошағы бар. Олардың бәрі тұрақты, күнделікті қадағалануда. Жылына 2 рет сынамалар алынып, зертханаға өткізіледі.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Сібір жарасы Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының 46 жастағы тұрғынынан да анықталды. Алайда оның ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз. Сібір жарасы анықталған адамдардың отбасы қазір түгел тексеріліп жатыр.