Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шымкент тұрғынына шетелде ем алу үшін 70 млн теңге қажет

Шымкент тұрғынына шетелде ем алу үшін 70 млн теңге қажет

Шымкенттің 28 жастағы тұрғыны халықтың қолдауына зәру. Бұрынғы әскери маман Салауат Сахиевке шұғыл көмек қажет. Ол ақ қан ауруының ең ауыр түрі - мелодиспластикалық синдромға шалдыққан. Жас жігіт аса ауыр сырқатқа шалдыққанын былтыр сәуір айында отбасын құрғаннан соң екі айдан кейін ғана білген. Туыстарының айтуынша, соңғы 4 айда Салауаттың ауруы тым асқынып кеткен. Әр он күн сайын қан құйдырып тұруға мәжбүр. Бірақ, қан құйған сайын денсаулығы да нашарлап бара жатыр дейді. Шұғыл операция жасамаса қос бүйрегі мен бауырынан айрылуы мүмкін. Мұндай ота түрі Үндістан елінде ғана жасалады. Ал оған 70 млн теңге қаражат қажет. Көпшіліктің көмегімен 16 күнде 30 млн теңге жиналған.

Нұрхан ҚҰРМАНТАЕВА, ӘПКЕСІ:

Егер осы қан жиі-жиі құйыла берсе цирроз печень басталып кетуі мүмкін деп жатыр. Организмі өте қатты әлсіреп бара жатыр. Ер кісілерде тромбоцид деген мысалы үшін қанның құрамында тромбоцид деген құрам 350-ден жоғаы 400 ге дейін болуы керек. Ал менің інімде небәрі 35 көрсетіп тұр қазіргі күнде. +Осы інімді аман алып қалуға себепші болыңыздаршы...

4400 4301 7001 4531   /  4405 6397 2965 3137

8 707 471 71 10 Нурхон К.

@ HELP_SALAUAT