Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды

AstanaTV
09.06.2023ж. 18:56
867
Қазақстанда аусылға қарсы вакцина шығарыла бастайды

Құс тұмауы және аусылға қарсы отандық вакциналар зерттеу сынағынан өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты жанынан зауыт ашылды. Онда ауқымды зерттеулер, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар мен сәтті шыққан зерттеу жобаларын кең ауқымды өндіріске шығару жұмыстары жүріп жатыр. Вакциналарға келсек, құс тұмауы және аусылға қарсы екпені айтуға болады», - деді Күнсұлу Закарья Астана халықаралық форумы барысында ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.

Ғылым академиясы басшысының айтуынша, елімізде таяу арада аусылға қарсы екпе шығарыла бастайды.

«Аусылға қарсы вакцина бойынша әлемдегі жетекші «Boehringer Ingelheim» компаниясымен ауқымды келіссөздер жүріп жатыр. Біз жақын арада бірлескен өнім алуға қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Аталған вакцина өз елімізде өндірілетін болады. Құс тұмауына қарсы вакцина қазірдің өзінде өндіріліп, сатылып жатыр», - дейді К. Закарья.