$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елордадағы ірі базардың бірі жоғары кернеулі электр желісінің астында тұр

09.06.2023ж. 20:00
803
Елордадағы ірі базардың бірі жоғары кернеулі электр желісінің астында тұр

Елордадағы базарларда былық көп. Соның бірі – «Алаш» сауда орны.

500-ге жуық кәсіпкер жоғары кернеулі электр мұнарасы тұрған аумақты сауда алаңына айналдырған. Ол ол ма, бұл жерде санитарлық жағдай да жетісіп тұрған жоқ. Айнала күл-қоқысқа толы.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мен отырған базардың қызметкерлері мына жоғары кернеулі электр желісінің дәл астында отырып жұмыс істейді. Оған дәлел, дәл қазір мен отырған жер мен бұл желінің арасы, шамамен, бір метрге де жетпейді. Ал, негізі заң бойынша электр желілері мен ғимараттың арасы 8 метрден кем болмауы тиіс.

Перизат ЖҰМАБАЕВА, КӘСІПКЕР:

Қай жерге барамыз онда? Қай жерге барып отырамыз? Осында келдік, осында сатып жатырмыз.

Кәсіпкерлер электр мұнарасының астында жұмыс істеу қауіпті екенін жақсы біледі. Заңсыз жерде отырғандарын да мойындайды. Бірақ, мәселені камераға айтудан қашқақтады.

Серік БЕКЕНОВ, КӘСІПКЕР:

Ондай сұрақ бізге қоймай-ақ қойыңыздаршы. Арбуз туралы сұраңыздаршы, арбуз! Осы жерде сатып жатырмыз ғой, көріп тұрсың ғой.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Базарда жүргенімізге, шамамен, 1-2 сағат болды. Әлі базардың басшылығын таба алмай келеміз. Бірі келіп басшымын деп алдап кетеді. Бірақ, сұрақтың астына қалдырсаң қатысым жоқ деп басын ала қашады.

Сонымен, әйтеуір, сұрағымызға жауап беретін бір адамды таптық.

Нұрлан ЖОЛДЫБАЕВ, «АЛАШ» БАЗАРЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Қаланың дәл ортасында қазір. Бүкіл адам жүріп жатыр. Не только олар, бала-шаға бар қаншама! Алып тастасын мынаны, сыртқа қойып берсін.

Мұнан кейін тағы екі адам келді, өздерін әкімшілік қызметкеріміз деп таныстырды. Олар да сауалымызға мардымды жауап бермеді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мені ыстық күнде базарда қарбыз жеп, салқындап отыр деп ойлдамаңыздар. Бұл жәй ғана «Алаш» базарының дәл қазіргі көрінісі. Қай жерге барсаң да шашылып жатқан қоқысты көресің.

Базардың ішіне асфальт төселмеген, шаң-тозаңы шығып жатыр. Бірақ, келушілер мен сатушыларға бұл кедергі келтірмейтін секілді.

Сауда орнында орналасқан асхана мен дүкендердегі жағдай мәз емес. Оны қызметкерлердің өздері де мойындайды.

- Мұндағы санитарлық талапқа сіздің көңіліңіз тола ма? – Енді басқа не істейсің? – Талапқа сай емес екенін мойындайсыз? – Иә.

- Санитария сай ғой. Басымда орамал бар. Бірінші көшені реттеп алсаңызшы.

Кәсіпкердің сөзінде жан бар. Базардың сырты қоқысқа толып жатқанда, оның ішіндегі асханадан қандай талап сұрайсың?

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мұнда санитарлық норма туралы айтудың өзі ұят. Жер көктің бәрі күл-қоқысқа толы. Мына жерден кез-келген нәрсені табуға болады. Қарбыз, қауынның қалдықтарынан бастап, сусындардың барлығы араласып жатыр.

Бірақ, осы күл-қоқыстың арасында тұру үшін де ақы төлеу керек.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Местоға 6 мың теңге төлейміз. Күніне 6 мың.

- 50 мың ба сондай. Айына ма? Иә, екі орын.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Базар ішінде қоқыс тастайтын жер іздеп біраз сандалдық. Сөйтсек, қос базардың қоқысы дәл осы жерге алып келіп тасталады екен. Мұндағы қолқаны қапқан иісті айтып жеткізу мүмкін емес. Ал, мұның қаншалықты санитарлық талапқа сай екені белгісіз.

Бұл мәселе бойынша қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментке хабарластық. Жауап мынадай.

Айнұр Дәулетбаева, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алаш, Шарын, Әлем және т.б. базарлар тексерілген болатын. Тексеру нәтижесінде, біршама санитарлық талаптардың бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда, аумақтиарын абаттандыру, қоқыс шығару, жинау мәселесі бойынша.

Жауаптылар мәселенің бар екенін біледі. Алдағы уақытта мониторингтік топ жұмыс істейді дейді. Сенейік.