Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының атқарылу жұмыстарына депутаттар күмән келтірді

09.06.2023ж. 20:00
876
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының атқарылу жұмыстарына депутаттар күмән келтірді

Елімізде 270 мыңға жуық балаға мектептерде орын жетпейді. Тиісті шаралар қабылданбаса 3 жылдан кейін бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін. Бүгін Мәжілістің комитет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы талқыланды. Өзекті мәселеге майшаммен үңілген депутаттар мектеп салумен айналысатындар мен жауапты органдардың жұмысын әбден сынға алды. Сендерге сенім жоқ деген олар, бөлінген 2,6 триллион теңгені талан-таражға саласыңдар деп ашық айтты. Депутаттар мен қоғамдық комиссия тарапынан бақылау жүргізу туралы ұсыныс білдірді. Алаңдатып отырған тек ол емес, басталған іс түрлі себептермен тоқтап қалмаса дейді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әкімдер болсын, біздің депутаттар болсын қай бетімен барып, мына мектеп болады деп ойлағанбыз, тізім шыққан, Үкіметтің қаулысы шыққан, енді болмайды деп қалай айтамыз оны? Жаңа мен тізім дұрыс емес шықты ма деп әдейі айтып отырмын. Өйткені кей лауазымды тұлғалар ол тізім дұрыс болмаған, ондай қажеттілік жоқ, сондықтан кесіп жатырмыз деген де ақпарат бар. Ол тізім дұрыс болмаса оны дәлелдеп айту керек.