Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Футболдан Қазақстан құрамасының жаттығуына Еуропа чемпионы атанған ойыншы қосылды

AstanaTV
10.06.2023ж. 09:10
815
Футболдан Қазақстан құрамасының жаттығуына Еуропа чемпионы атанған ойыншы қосылды

Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлады, деп жазды kaz.nur.kz

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Алматыда түгелдей жиналып, Орталық стадионда алғашқы жаттығуын өткізді. Мәскеудің ЦСКА командасында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов ғана Ресей кубогының финалынан кейін қатарға қосылады. Ұлттық құрама желіде жариялаған фотолардан Ресей жастар құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған Александр Зуев те байқауға болады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді.

16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.