$520.48 €574.61 ₽6.06
×

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

AstanaTV
10.06.2023ж. 09:26
2080
Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сапарбаев - Қазақстандағы бес өңірдің (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының) бұрынғы әкімі, премьер-министрдің орынбасары, еңбек министрі, экономика ғылымдарының докторы.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. "Отан", "Барыс", "Парасат", "Құрмет" және басқа да көптеген марапат иегері.