Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ғарышкер Айдын Айымбетов TikTok-та Жерді тегіс дегендерге жауап берді

AstanaTV
10.06.2023ж. 18:35
874
Ғарышкер Айдын Айымбетов TikTok-та Жерді тегіс дегендерге жауап берді

Қазақстанның Халық Қаһарманы, ғарышкер, Айдын Айымбетов - белсенді TikTok қолданушысы. Авиация генерал-майоры бейнежазбаларды жүктеп қана қоймай, өз жазылушылары үшін байқаулар, челлендждер және тікелей эфирлер өткізеді, деп жазды massaget.kz

Қазақстанның Халық қаһарманы өзінің аккаунтын салыстырмалы түрде жақында тіркегеніне қарамастан, оның қазірдің өзінде 80 мыңға жуық жазылушысы бар және оның видеолары жиі «рекке» шығып, миллиондаған көрілім жинайды. Бұл ретте Қазақстанның Ұлттық қаһарманы «миллионер» блогер болу мақсатын көздемейді. Айымбетовтың айтуынша, ол TikTok-қа адамдарға ғарыш туралы көбірек мәлімет беру үшін ғана тіркелген.

"Мен көбірек ақпарат бергім келеді. Салмақсыздық дегеніміз не, ғарышқа ұшу шарттары, тамақтану туралы болды... Өскелең ұрпақ білсін", - дейді Айдын Айымбетов.