Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды

AstanaTV
10.06.2023ж. 19:33
760
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды

Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды, жағдай тұрақталып келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Камышенка орман шаруашылығы аумағында өрт негізінен оқшауланғанын және үдеріс Успен орман шаруашылығы аумағында жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол елді мекендерге қауіп төнбейтінін айтты.

"Бүгінде жағдай бақылауда. Өртті қамту ауданы - 60 мың гектар, сөндіруге жеке құрамның 922 адамы, 200-ге жуық техника мен 8 тікұшақ жұмылдырылған. Бізде үш даму ошағы болды. Екі ошақта өрт іс жүзінде азайтылды, батыс шетінде Каштак орманшылығында өрттің дамуы белсенді түрде жалғасып жатыр. Камышен орманшылығының аумағында өрт іс жүзінде оқшауланды, Успен орманшылығында оны оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір халық үйлеріне оралып жатыр, қауіп толығымен жойылды. Астана, Қарағанды облысы, Семей, ШҚО ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ 200 адамнан тұратын Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдары тартылды. "Семей орманы" МОТР барлық дерлік күштері мен құралдары тартылды", - деді облыс әкімінің орынбасары.

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жағдайдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын растады.

"Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа райы өте қиын болды, бірақ қазір өрт сөндірушілердің жұмысының арқасында жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Өрт қамтыған жалпы аудан шамамен 60 мың гектар болды. Басқа салалардан қосымша күштер мен құралдарды тарту нәтиже берді, жағдай біздің бақылауымызда. Эвакуацияланған азаматтар біртіндеп үйлеріне оралады", - деп қорытындылады Нұрболат Дербісов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қарулы Күштер бөлімшелерінің іс-қимылдарын үйлестіру және басқа ведомстволармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін дағдарыс аймағына келгені айтылды.

Келгеннен кейін қорғаныс істері жөніндегі ведомство бастығы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Ұштаевтың апат аймағында атқарылып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.

"Жеке құрам арасында шығынға жол бермеу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қарастыру қажет",– деп тапсырды қорғаныс ведомствосының басшысы.

Қазіргі уақытта өртке қарсы іс-шараларға 300-ден аса әскери қызметші қатысып жатыр. Бұдан өзге "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 30 арнайы әскери техникасы тартылған.

Қазіргі уақытта дағдарыс ауданына жөнелтуге Аягөз, Өскемен және Үшарал гарнизондарының 500-ден аса әскери қызметшісі және 30 техникасы дайын. Сондай-ақ, 200 адамнан тұратын резерв құрылған.

Әуеден өртті сөндіруге армиялық авиацияның бес Ми-17, Ми-17Ш тікұшағы жұмылдырылды. Ұшу экипаждары өрт ошақтарына 400 тоннадан астам су төкті.