$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Семейдегі орман өрті: әкімдік қандай көмек көрсетуде

AstanaTV
11.06.2023ж. 08:01
1005
Семейдегі орман өрті: әкімдік қандай көмек көрсетуде

Абай облысы әкімдігі тек алдыңғы қатарда ғана емес, волонтерлермен бірге өрт аймағында жан-жақты көмек көрсетуде.

Әкімдік күшімен бірнеше ауданда далалық ас үйлер ұйымдастырылды. Далалық асүйлер тоқтаусыз жұмыс істеп, өрт сөндірушілерді уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, Семей және Бородулиха аудандарында ұйымдастырылған эвакопункттерге Бородулиха ауданының Успенка, Принебесное, Барышевка кенттерінің, сондай-ақ Каштак, Талица, Тепкаши, Половинки ауылдарының тұрғындары келіп қоныстанды. Онда эвакуацияланғандардың барлығына ыстық шай беріліп, тамақтандырылып, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған азаматтардың жалпы саны - 70-тен асады.

Ең кішкентай эвакуацияланған балалар үшін облыстың білім басқармасының күшімен қала бойынша экскурсия жасалып, демалыс ұйымдастырылды.

Жалпы Семейдегі эвакопункттер 800-ден астам адамды қабылдай алады. Тұрғындар тастап кеткен үйлердің жанында полиция қызметкерлері тонау фактілерін болдырмау үшін кезекшілік етуде. 43 тәртіп сақшылары күндіз-түні қараусыз қалған кенттерде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.