$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

AstanaTV
11.06.2023ж. 09:16
848
Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті

Астанада үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Aстана телеарнасы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 10 маусымда болған.

«102» арнасына Жүргенов көшесіндегі үйдің ауласында 9-қабаттан бала құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Үш жасар қыз алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Сараптама тағайындалды», - деді ПД өкілдері.