Абай облысы білім басқармасы Озерск ауыл округінің үш елді мекенінен 50-ге жуық адам Семей қаласына эвакуацияланғанын хабарлады. Оның ішінде 1 мен 14 жас аралығындағы 13 бала бар. Барлығы қауіпсіз жерге орналастырылған.
Балалар мен ата-аналар жатахана, колледж ғимараттарына орналастырылып, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілді.
Оларға кәсіби психолог көмек берді.
Бүгін бұл отбасылар үшін кинотеатр мен биологиялық орталықта әртүрлі көңіл көтеретін шаралар ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайдан жетім және ата-анасыз қалған балалар ұйымдары, жазғы демалыс орындары зардап шеккен жоқ.
Олар барлық қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.
Абай облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері және өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі өкілі тәулік бойы кезекшілікте.
Оқиға орнында бала құқықтарын қорғау комитетінің өкілі де болған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өңірмен байланыста, балалардың жағдайы бақылауда.
Комитет тарапынан барлық қажетті қолдау-көмек одан әрі ұйымдастырылады.