$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті іздестірілуде

AstanaTV
12.06.2023ж. 14:09
900
Түркістан облысындағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті іздестірілуде

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті іздестірілуде. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Полиция мәліметінше, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам Қылмыстық-кодекстің 188-бабы бойынша (ұрлық) күдікке ілінген.

Полиция оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шыққанын, қазір жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Іздеуге Түркістан облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Ведомсто өкілдері бүгінгі таңда "Ұстау" жоспары іске асырылып жатқанын, Сарыағаш қаласына, облыстың кіреберісі мен шығысына бекеттер қойылғанын да айта кетті.

"Ұстау шарасына Түркістан облысымен көршілес Шымкент қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының ПД, көліктегі полицияның бөлімдері мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі де жұмылдырылған", - деп хабардар етті полициядан.