$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Балалармен еденде жатты". Лондонға ұшқан қазақстандықтар Амстердам әуежайында тұрып қалды

AstanaTV
12.06.2023ж. 22:00
806
"Балалармен еденде жатты". Лондонға ұшқан қазақстандықтар Амстердам әуежайында тұрып қалды

Алматыдан Лондонға бет алған AirAstana ұшағы Амстердамда қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға 11 маусымда болған, мән-жайды редакцияның WhatsApp-нөміріне рейс жолаушысы Азамат Аймағамбетов хабарлады.

"Ақтауға қонып, бортқа тағы жолаушылар алып, жанармай құйып, Лондонға ұштық. Алайда орта жолда қондық, ұшқыш Лондон әуежайында қона алмайтынымызды айтты. Осылайша, Амстердам әуежайында 5-6 сағат тұрып қалдық. Онда Шенген визасы, ал Ұлыбританияда бөлек виза. Сондықтан ұзақ уақыт кеден бақылауынан өте алмадық.
Жергілікті уақытпен 18:00-ден 00:00-ге дейін ешқайда шыға алмадық. Адамдар еденге жатуға мәжбүр болды, өйткені осынша уақыт аяқта тік тұра алмайсың. Арасында балалар да бар", - дейді 44 жастағы ер адам.

"Бізге бір күндік виза жасап берді, содан қонақүйге бардық. Бірінші балалары барларды рәсімдеді. 00:00-дейін жүретін тегін автобусқа үлгермедік, сондықтан такси жалдау керек болды", - дейді Алматы тұрғыны.

Оқиғаға қатысты Tengritravel.kz редакциясы AirAstana компаниясына сұрау салды.

"Лондондағы жайсыз ауа райына байланысты ұшақ Амстердамда қонуға мәжбүр болды. Рейс жергілікті уақытпен 12 маусым 13:00-ге ауыстырылды. Жолаушылардың көбінде Шенген визасы болмағандықтан, көші-қон қызметі жолаушыларды қалаға жіберуді талқыға салған болатын", - дейді әуекомпаниясының өкілдері.