$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қаржы министрі мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қанша сомасы игерілмегенін айтты

AstanaTV
13.06.2023ж. 12:40
733
Қаржы министрі мемлекеттік және жергілікті бюджеттің қанша сомасы игерілмегенін айтты

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджеттің шығыстары туралы айтты.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,9%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 9 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 109 млрд теңгені құрады, оның ішінде 21 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 88 млрд теңге. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы», - деді ол.

Сондай-ақ, министр жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,4 трлн теңгені құрағанын айтты.

«Атқарылмағаны - 47 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 641 млрд теңге бөлінген. Оның 97,8%-і игерілген. Игерілмегені – 14 млрд теңге. Ең көп игерілмеу: Астана қаласында, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында қалыптасты», - деді ол.