$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Абай облысындағы өрт үшін кімдер жазаланады

AstanaTV
13.06.2023ж. 14:26
578
Абай облысындағы өрт үшін кімдер жазаланады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің кулуарында Абай облысындағы өртке қатысты пікір білдірді.

Роман Склярға «министрлер кабинеті бұл оқиғаға өздерін кінәлі сезіне ме?» деген сұрақ қойылды.

«Мен жауап беретін барлық сала бойынша мен жауаптымын», - деді Скляр.

Ал «Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартылы ма?» деген сұраққа ол былай жауап берді.

«Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады», - деді ол.

Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың жауапқа тартылуы туралы сұраққа Роман Скляр «Семей орманы» резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтынын айтты.

«Бұл - министрліктің құрылымдық бөлімі. Өрт жылдам өршіп кетті. Жағдай дұрыс бағаланбады», - деді ол.