Германиядағы Мұстафа Шоқайдың зираты бұзылмайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Әлеуметтік желіде Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зиратын бұзып, басқа жерге көшірейін деп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет расталған жоқ», - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айбек Смадияров елшілік қызметкері ақпаратты тексергенін атап өтті.
«Біздің елшіліктің (Қазақстанның Германиядағы елшілігі) қызметкері сонда барып, зираттың қызметкерлерімен сөйлесті. Ол (зиратты) фото, видеоға түсіріп, жағдайды өз көзімен көрді. Мұстафа Шоқайдың зираты орнында. Ол ешқайда көшірілмейді. Егер де бір жағдай болса, Германия тарапы бізге ескертеді.
Сондықтан мұндай өтірік ақпаратты таратуды тоқтату керек», - деп сөзін түйіндеді ол.