Таиландта жүрген Қазақстан азаматы 45 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Бұған дейін желіде қазақстандық ер адам Таиландта бизнесі бар Ресей азаматының кеудесіне төрт рет оқ атты деген ақпарат тараған еді. Министрлік оның рас-өтірігі белгісіз дейді. Әзірге оны визалық режимді төрт күнге бұзғаны үшін жауапқа тартып жатыр.
Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазір оның кім екені анықталды. Расымен, ол -Қазақстан Республикасының азаматы. Оған аталмыш елде болудың визалық режимін 4 күнге асырып, бұзғаны туралы айып тағылып отыр. Одан басқа ресми ақпарат түскен жоқ. Қазақстанның Таиланд Елшілігі бұл мәселені бақылауда және Таиландтың құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста.