Елімізде қатерлі ісікті операциясыз бір сәтте жоюға болады. Ол «гамма-пышақ» арқылы жүзеге асады. 2021 жылы іске қосылған бұл аппараттың арқасында 900-ден астам науқас ауруынан айығып, аяққа тұрған.
Тамара Сабадаш 2 жыл бұрын қатерлі ісікке шалдыққан. Алғашында сенбеген. Дертпен күресіп ем таппаған соң Операция жасату үшін квотамен Астанаға келіпті. Аппараттың көмегімен жасалған ота сәтті аяқталды. Енді үйіме қайтамын деп қуанып отыр.
Тамара САБАДАШ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қазір денсаулығым жақсы. Егер де ақылы ота жасатсам қалтамнан 1 миллион 700 мың теңге шығар еді. Ал бұл жерде тегін ем алып жатырмын. Орталыққа 2-ші рет келіп тұрмын.
«Гамма-пышақ» аппаратының көмегімен күніне 20-дан аса науқасқа Операция жасалады. Жыл басынан бері 2 мыңнан астам адам қамтылған. Келушілердің көбі ми тамыры мен омыртқа ауруына шалдыққан дейді дәрігерлер.
Асылбек ҚАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЬНЫЕ ДИРЕКТОРЫ:
Біздің орталық міне жаңа технология англізгеннен кейін біз тек қана ұлттық нейрохирургия орталығы үшін емес, біз мына бүкіл өңірлерге сол технологиилардың транспертын жасадық. Нейрохирург дәрігерлерді жылына бірнеше рет келіп дәрежесін көтереді. Біз мысалы мастеркласпен өңірлерге шығып біздің дәрігерлерге нейрохирургы мастерклас жасап сол жерде үйретеміз.
Елімізде ем алу үшін кез-келген орталық медициналық сақтандыру сұрайды. Ал қазақстанда әлі 3,5 миллионға жуық адам сақтандырылмаған. Алайда бұл орталыққа ешқандай сақтандырусыз-ақ жүгінуге болады. Ол үшін тек тұрғылықты емхана тексеруінен өтіп «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қою керек.
Забира ОРАЗАЛИЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ол жоспарлы түрде келе алмайды. Жоспарлы түрде келу үшін міндетті түрде сақтандыру қажет. Ал егер жоспарлы түрде емес жанағыдай шұғыл түрде түсетін болса экстренный ондай жағдайларда сақтандырылған мәселесін ешкім қарамайды.
Ұлттық нейрохирургиялық орталықтың құрылғанына биыл 15 жыл. Осы аралықта 60 мыңнан астам науқас емделіп, 40 мыңнан астам Операция жасалған.