$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты

AstanaTV
13.06.2023ж. 20:56
1322
Танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты

Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қос ғашықтың Instagram-дағы парақшаларында бір мезетте жарияланған видео куә бола алады.

Видео сипаттамасында: "Осымен бітті. 13.06.2023 - біз құрған отбасының туған күні" делінген.

Видеодан молда алдында Әсел Сәдуақасова мен сүйіктісінің неке жүзігін тағып, неке қию туралы куәлігін алғанын көруге болады.

Айта кетсек, 2023 жылы көктемде Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Күйеу жігіттің аты-жөні - Мағжан Тілеуханов.