$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды - Нұрлан Ұранхаев

AstanaTV
13.06.2023ж. 21:30
1020
Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды - Нұрлан Ұранхаев

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті.

Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі.

Табиғи өртті сөндіруге атсалысқан барлық күштердің арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.

Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар.

«Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай азайғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.Нұрлан Ұранхаев.