$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда терезеден құлап кеткен үш жасар бала ауруханада көз жұмды

AstanaTV
14.06.2023ж. 09:35
731
Ақтауда терезеден құлап кеткен үш жасар бала ауруханада көз жұмды

Ақтауда терезеден құлап кеткен үш жасар бала ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін бүлдіршін комаға түскен. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Ведомствоның дерегінше, баланың жағдайы ауыр болған.

"Ауруханаға түскен кезде балаға бас сүйегінің сынуы, оң жақта маңдай-төбе сүйегінің көп бөлікті сынуы, ауыр деңгейдегі бас миының жарақаты, миішілік гематома, дислокация синдромы, бас миының ісінуі диагнозы қойылды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, бала көз жұмды", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасынан.

Тілшілердің айтуынша, 22 маусымда бала төрт жасқа толар еді. Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 10 маусым күні Ақтаудағы №6 шағын ауданда болған. Куәгерлердің сөзінше, бесінші қабаттағы пәтерде үш бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Үш жасар бала ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Ал қалған балаларды полиция өзімен бірге әкеткен.