Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ерлан Қошанов қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген министрлік өкілін сынға алды

AstanaTV
14.06.2023ж. 11:00
741
Ерлан Қошанов қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген министрлік өкілін сынға алды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов отырыста қазақша сұраққа орыс тілінде жауап берген министрлік өкілін сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бүгінгі Мәжіліс отырысында Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржы мәселесі талқыланған болатын. Отырыс барысында депутат Наурыз Сайлаубай тақырыпқа қатысты БЖЗҚ өкілі мен Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкіліне қазақ тілінде сұрақ қойған болатын. 

БЖЗҚ өкілі Жанат Құрманов депутаттың сұрағына қазақ тілінде жауап берді. Алайда Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілі жауапты қазақ тілінде бастап, артынша орыс тілінде жауап беріп кеткен болатын. 

"Министрліктің өкілдеріне де, бәріне де қатысты: қай тілде сұрақ қойылса, сол тілде жауап беруге, ең болмағанда әрекет жасау керек. Біз оған түсіністікпен қараймыз. Бірақ сіздер бәріңіз бірдей сол ережені бұзып отырсыздар. Бұл депутаттардың көкейінде тұрғанын сезіп отырмын", - деді Қошанов.