Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астана әуежайында ер адам бомба барын айтып қалжыңдағаны үшін жазалануы мүмкін

AstanaTV
14.06.2023ж. 13:24
678
Астана әуежайында ер адам бомба барын айтып қалжыңдағаны үшін жазалануы мүмкін

Астана-Алматы рейсінің жолаушысы бомба барын айтып әзілдеген. Бұл жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандықтың жолаушы рейске тіркелу кезінде жарылғыш заты барын айтып әзілдеген.  

"Астана әуежайында Астана-Алматы рейсіне тіркелу кезінде қазақстандық бомба барын әзілдеп айтты. Осы ақпарат негізінде елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) ескерту жариялады. Осылайша, АҚҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп әуежай аумағын күдікті заттардың бар-жоғын тексеруге мәжбүр болды", - делінген хабарламада.

Жолаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша іс қозғалды.

"Бұл шаралар - әлемдік тәжірибедегі жағдайларға негізделген қауіпсіздік стандарты. АҚҚ қазақстандықтарды іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ, қол жүгі мен багаж бөлімінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесі қатысты қауіпсіздік ережелерімен алдын ала танысуға шақырады", - деп толықтырды әуежай өкілдері.