Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мбаппе алғаш рет Мессидің "ПСЖ" клубынан кетуіне қатысты пікір білдірді

AstanaTV
14.06.2023ж. 15:30
629
Мбаппе алғаш рет Мессидің "ПСЖ" клубынан кетуіне қатысты пікір білдірді

"ПСЖ" шабуылшысы Киллин Мбаппе бұрынғы әріптесі Лионель Мессидің париждік клубтан кетуіне байланысты алғаш пікір білдірді, деп жазды kaz.nur.kz

Франциялық сұрмергеннің сөзін спорт журналисті, инсайдер Фабрицио Романо Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Ол футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі. Месси секілді футболшының клуб сапынан кетуі жақсы жаңалық емес. Оның клубтан кеткенін неліктен көп адамның жеңіл қарағанын түсінбеймін. Месси Францияда лайықты құрметке ие бола алмады", - деді Киллиан Мбаппе.

Айта кетейік, Лионель Месси соңғы екі маусым париждік "ПСЖ" сапында өнер көрсетті. Шабуылшы 58 матчта 22 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді.