Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтөбеде 19 жастағы студент қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

14.06.2023ж. 20:00
1062
Ақтөбеде 19 жастағы студент қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Ақтөбеде 19 жастағы қыздың жұмбақ өліміне қатысы бар күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оған енді екі бірдей баппен айып тағылып отыр. Еске салайық, бойжеткен көпқабатты үйдің 7-қабатынан құлап, қаза тапқан. Полиция бұл оқиғаға қатысты өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғаған. Бірақ марқұмның жақындары онымен келіспейді. Қыздың өзін өлімге қиюы мүмкін емес, ол біреулерден зорлық көрген болуы мүмкін дейді.

Ерболат МАСАҚБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақтөбе қаласы ПБ 1 қалалық полиция бөлімімен ҚР ҚК 105 бабы, өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу және ҚР ҚК 1 бөлігінің 120 бабы зорлау бойынша қылмыстық істерді тіркеді. Іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жалғасуда. Күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.