$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда өртенген автобустың жүргізушісі мен лагерьдің басшысы жауапкершілікке тартылды

14.06.2023ж. 20:00
758
Оралда өртенген автобустың жүргізушісі мен лагерьдің басшысы жауапкершілікке тартылды

Оралда өртенген автобустың жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Себебі, ол көлік құралын техникалық тексеруден өткізбей, жолаушыларды тасымалдаған. Оған қоса, міндетті сақтандыру полисі болмаған. Бұл туралы облыстық полиция депортаменті хабарлады. Сонымен қатар, "Балауса" лагерінің басшылығына да қатаң сөгіс жарияланды. Айта кетейік, оқиға кеше лагерьдің 60 демалушысын кинотеатрдан алып келе жатқанда болған. Абырой болғанда ешкім жарақат алмаған.