Ақтауда бесінші қабаттан құлап кеткен үш жасар бала ауруханада қайтыс болды. Естігенде, жан түршігеді. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай жағдай елімізде жиілеп барады. Соңғы бес жылда 150-ден астам бала биіктен құлап көз жұмған. Бұл-ата -ана жауапсыздығы ма, әлде мәселе қауіпсіздіктің ескерілмеуінен бе? Қайғылы оқиғаны болдырмау үшін не істеу керек? Әріптесім Ақбота Базарбай толығырақ.
Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Әдетте ,үйде таза ауа жұтып тыныстағымыз келсе, жүгіріп барып терезе ашатынымыз сөзсіз. Бірақ сақтықта қорлық жоқ. Үйде балаңыз болса, бұлай ашып терезені ұзаққа қалдыра алмайсыз. Тек мына жерде темір тор көзді сетка болған жағдайда ғана алаңсыз ашып қоюға болады. Әрі оның берік орнатылғанын міндетті түрде тексеріп алған жөн. Баланың өмірі үшін қауіпсіздік бірінші орында. Менің де балам бар ғой, терезені жауып қояйын.
Жаз шықса жазатайым жағдай жиілейді. Биыл да қайталанып жатыр. Өкінішке қарай, биіктен құлаған балалардың дені тірі қалмайды.
Арман ӘЛІБЕКОВ, №10 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Кішкентай баланың сүйектері әлі толық дамымаған және де үлкен биіктіктен құласа бала өкінішке орай 99 пайыз біз баланы аман өкінішке орай аман –есен сақтап қала алмаймыз. Себебі өмірмен сәйкес келмейтін жарақаттар алады. Күрделі травма. Ешқандай жағдайда жарақат алған баланы орнынан қимылдатуға болмайды. Себебі қимылдатқан кезде керсінше күрделі қайтадан қосымша травма алуы мүмкіндігі пайда болады.
Бала құлағанда ата-ана қайда болды? Қылмыстық кодексте «Балалардың өмi¬рi мен денсаулығының қауiп¬сiздiгiн қамтамасыз ету жөнiн¬дегi мiндеттердi тиісінше орын¬-дамау» жауаптылығы қарас¬¬ты¬рылған. Бапқа сәйкес жаза са묬дарға байланысты тағайын¬да¬лады. Егер жеңіл болса, айыппұл төлейд. Немесе екі жылға бас бос-тандығынан айырылады.
Нұралы Тәңірбергенов, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жыл басынан бері Елордада кәмелетке толмаған балалардың терезеден құлауы бойынша 16 факт тіркеліп, оның ішінде екеуі көз жұмды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері үйдегі жиһаздардың терезеге жақын орналасуы, балалардың өздігінен көтерілуіне ықпал етіп, маскит торларын пайдаланбау, терезелерді ашық қалдыру болып табылады.
Оқиға орнына бірінші болып баратын төтенше жағдай қызметкерлері жалпақ елді ескертуден кенде емес. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды жақтары талмай жұртқа айтудан тынбайды. Терезелерге арнайы бекіткіштер орнатуды да өтінеді. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-ана сақтық шараларын есте сақтағаны дұрыс.
- Балаларды жалғыз қалдырмаңыз;
- Терезедегі маса мен шыбынға арналған торларға сенбеңіз;
- Баланы терезе алдына алып келіп, даланы тамашалатуға тырыспаңыз. Дұрысы, сыртқа шығарып ойнату;
- Балаларға қауіпсіздік шараларын үйретіңіз.
Пластик терезе салатындар жаз шыға жалпы тап¬сы¬рыстың көбейетінін айтады. Қорғаныс бекіткіштер орнатуға да өтініш арта түседі дейді. Бірақ, "Жау кеткен соң қылышын тасқа шабатындар" да бар. Көбісі жазатайым оқиғадан опық жеп, сонан кейін ғана қимылдайтын көрінеді.
Батырхан ДОСКЕЛДИНОВ, ТЕРЕЗЕ ОРНАТУШЫ МАМАН:
Кейінгі кезде қауіпсіздік бекіт¬кіштеріне тапсырыстар кө¬¬бейді. Қазір бұлардың да түр-түрі бар. Бірақ көбі арзанына жүгіреді. Маса, шыбынға арналған жұмсақ торлар баланы ұстамайды. Оларға сеніп керек емес. Тек темір қорғаныштар 60 келіден 100 келіге дейін көтереді. Бір терезеге орнатуымен бірге ары кетсе 25 мың теңге. Бұл баға баланың өмірінен артық емес сияқты.
Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Жаманат шақырғымыз кел¬мейді. Десек те, бұл мәселе же¬ке отбасы шеңберінен шығып, бүтін қоғамның проблемасына айналды.