Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Грекия маңында мигранттар мінген кеме суға кетті

AstanaTV
15.06.2023ж. 10:50
674
Грекия маңында мигранттар мінген кеме суға кетті

Грекия маңында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі кезде 32 адамның опат болғаны белгілі. 104-і құтқарылды. Суда қалып, денесі тоңазып, суық тартып қалған төртеуі ауруханаға жеткізілді. Балық аулауға арналған кемеде нақты қанша адам болғаны белгісіз, сондықтан құрбандар саны әлі көбеюі мүмкін. Апат болған ауданда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған жағалау күзетінің 6 кемесі, әскери фрегат пен бірнеше тікұшақ жұмылдырылған. Бірақ жел күшейіп, құтқарушыларға қиындық туып тұр.