Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда ВИЧ тараған ауруханада эпидемиологиялық тергеу басталды – министр

AstanaTV
15.06.2023ж. 11:56
811
Алматыда ВИЧ тараған ауруханада эпидемиологиялық тергеу басталды – министр

Алматы қаласындағы ауруханада науқастардың адамның иммундық тапшылық вирусын (АИТВ/ВИЧ) жұқтырып алуына байланысты эпидемиологиялық тергеу басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр иммундық тапшылық вирусымен 4 мың адам ауырды. Оның арғы жылында 3,5 мың жаңа жағдай тіркелген болатын. Алматыдағы жағдай бойынша ақпарат келіп түсті. Комиссия жібердік. Біз аурухана ішінде вирус тарауына жол бергіміз келмейді. Тексеру өткен соң толыққанды ақпарат береміз», - деді ведомство басшысы Сенатта тілшілерге.

Сондай-ақ ол аталған комиссия құрамында министрліктің ең үздік мамандары бар екенін айтты.

«Енді толыққанды эпидемиологиялық тергеу жүргізуіміз керек. Аурухана ішінде таралмау үшін инфекцияның ошағын тауып, жұқтыру жолдарын анықтау қажет. Министрлік пен комитеттердің ең үздік мамандары сол жаққа жіберілді», - деді министр.