Биыл Астанада 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы баяндады. Биыл 5 айда тартылған инвестиция көлемі 425 миллиард теңгеден асады. Бұл өткен жылға қарағанда 20 пайыздан артық. Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтер және 16 үлескерлік құрылыс нысаны салынады. Ауыз су мәселесі де кезең-кезеңімен шешіледі.
Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндама бердім. Жалпы осы жылдың 5 айы бойынша негізгі көрсеткіштер оң динамика көрсетіп жатыр. Мысалы, қалаға келген инвестицияның көлемі былтырға қарағанда 21 пайызға өскен. Сондай-ақ мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тапсырмалар берді.